Суарес "Реалға" ауысуға жақын

Ағылшынның «Ливерпуль» клубы мен мадридтің «Реалы» уругвайлық шабуылшы Лиус Суарестің ауысуы жөнінде ортақ келісімді қарастыру үстінде, деп хабарлайды испандық басылымдар.

Әзірге екі жақ нақты ешқандай келісімге келе қойған жоқ. Трансфердің сәтті өтуі үшін «корольдік» клуб «Ливерпульге» 40 миллион фунт стерлинг қаржы төлеуге тиіс. Себебі дәл осындай сома Суарестің келісім-шартында көрсетілген.

Естеріңізге салсақ, биылғы жылы Луис Суарес «Ливерпуль» сапында 40 матчқа қатысып, 27 доп соқты. Бұдан сәл уақыт бұрын «Ливерпуль» бапкері Брендон Роджерс уругвайлықтың әзірге сатылмайтындығын айтқан болатын. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: isport.ua