- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Стадионға жүгіріп шыққан...
Стадионға жүгіріп шыққан қазақ баласы Роналдумен әңгіме-дүкен құрды
14 жасар Ахмади Ержанов есімді қазақ баласы футболдан "Ювентус" - "Тоттенхэм" матчы кезінде алаңға жүгіріп шығып, әйгілі футболшы Криштиану Роналдумен фотоға түсті. Фотоға түсіп қана қоймай, ойыншылармен бірер минут тілдесті де.
Ахмади Сингапур елінде өтіп жатқан Халықаралық чемпиондар Кубогы додасына әкесімен көрермен болып келген. Футболға жастайынан қызығатын Ахмади португалиялық футболшының ойынын ұнататын көрінеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сүйікті футболшысының ойынын тамашалаған ол матч кезінде бір сәтке де отырмады дейді әкесі.
- Матч бойы тұрып тұрды, қобалжыды, Роналдудың ойынын жіті қадалағап отырды. Ол бізден 20 метр жерде ғана тұрды. Қатты уайымдадық. Мен сол кезде балама алаңға жүгіріп шығып, сүйікті футболшысымен сөйлесуге кеңес бердім. Бірақ ол ұзақ ойланды, өйткені жанымызда күзетшілер көп болған еді. Бір жағынан қорқып тұрды. Сол кезде оған бұл оның соңғы мүмкіндігі болуы мүмкін екенін, егер Роналдумен қазір кездесе алмаса кейін өкінетінін айттым. Ол жүгіріп шықты, қазір қуанышында шек жоқ", - деді әкесі Болатбек Абулхаиров Tengrinews.kz сайтының тілшісіне берген сұқбатында.
Ахмади Ержановтың алаңға жүгіріп шыққан сәті жайлы видео мен фото интернетте көп тарауда. Батыстық беделді басылымдардың өзі жарыса жазуда. Ол Роналдумен фотоға түсіп қана қоймай, футболшылармен бірге алаң жиегінен ойынды тамашалады.
- Мен оған Қазақстаннан келген жанкүйері екенін айттым. Ол біздің елді білетінін айтты. Маған сәттілік тілеп, су ішесің бе деп сұрады, - деді Ахмади Ержанов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұқбатында.
Бірақ бұл әрекеті үшін Ахмадиді матчтан соң жергілік полиция қызметкерлері алып кеткен. Әкесімен сөйлескеннен соң жіберген көрінеді.
- Біз әлі Сингапурдамыз. Қазір жергілікті полиция қайтадан шақыртып жатыр. Біздің консулдықтың өкілдері келіп көмегін көрсетеді. Мүмкін бізге айыппұл салар. Бірақ біз өкінбейміз. Қанша айыппұл салса да, төлеуге әзірмін. Өйткені мен ұлымның арманын орындадым, - дейді әкесі. Сондай-ақ, instagram желісінде арнайы жазба да қалдырды.
- Өмірде адамның ойлағаны бола бермейді, бірақта ешқашан үміт үзбей сəтсіздіктің өзін алланың қалауымен кері айналдыруға болады... Баламның туған күніне Ювентустың жазғы лагеріне сыйлаған жолдамам алаяқтардың өтірігі болып шығып, баламның көңіл күйін түсірмейін деп Юветус пен Тоттенхэмның ойынына Сингапурға алып келдім. Баламды Криштиано Рональдомен кездестіру үшін Москвадағы агенттіктер арқылы қаншама тырыссам да жолықтыру мүмкін болмады. Бірақ ойын барысында балам алаңға секіріп шығып, алаңның қақ ортасымен кесіп өтіп өзінің армандаған футболшысымен барып сөйлесіп, амандасып, суретке түсудің сəті түсті...армандар орындалады... - деп жазды (хабарлама мәтіні өзгертілмей алынды).
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Ювентус" пен "Тоттенхэм" командалары арасындағы ойын 3:2 есебімен ағылшындық клубтың пайдасына шешілді.