Спорт – үлкен дода. Ол жерде маңдайдан тер де ағады, көзден жас та шығады, жүректен сөз де ағады, келбетіңізден қуаныш пен жеңілістің сөзге бергісіз сәттері де көрінеді. Бір елдің намысын қорғау, сол елдің туын биікке көтеру қандай спортшы болса да ол үшін үлкен әрі ұлы мәртебе. Әрбір соққы, әрбір қиындықты көре тұрып, туының биікке бірінші болып көтеріліп бара жатқанын сезінген сәт, жеңіске жеткен кездегі бір-ақ реттік келетін қуаныш – бәрі де спортшы үшін үлкен бақыт. Мына суреттерде әр ел спортшыларының жеңіске жеткен кездегі көз жасы мен қуаныштан еліне еркелеген ерекше бейнелерін көруге болады. Тіпті сөзбен бейнелеудің өзі артық...
Спортшылардың бәрі дерлік қуанышын көрсете алмауы мүмкін, бірақ біздің Генадий Головкин өте қарапайым.
Кейде қуаныштан не істеп тұрғаныңызды да ұмытып кетесіз. Бұл – спорт!
Іштегі бұлқыныс пен жеңістің сәтін сәтті түсіріп алудың өзі фотографтың ерекшелігі болар...
Не күлеріңді, не жыларыңды білмеген сәт...
Сенім және жеңіс!
Жеңіске жеткеннен кейінгі "шынымен бе" деп өзіне таң қалып отырған спортшылардың бейнесі.
Тіпті сөз жоқ...
Бәлкім, бұл жеңістің дәмі ащы болар...
Елдің ұландары үлкен додада алтыннан алқа тақса, оны тістеп көрудің еш әбестігі жоқ.
Бұл көз жастың бағасы шексіз.
Салмақ пен жеңісті қатар сезінген кезде...
Майдан сенікі болғанда...
Қазақтың ең үлкен жеңісі де осы болар...