Соққан голды тойлаудың 10 түрлі әдісі

Соққан голды тойлаудың 10 түрлі әдісі

1. Жүгіру

Барынша жылдам жүгіру керек. Себебі, егер әріптестерден қашып үлгермесең сені ұстап алады және төменде көрсетілгендерді жасауға мәжбүр боласың.

2. Алғыс айту

Жаратқанға, көрермендерге, жарына, әкесіне, анасына, бапкерге рақмет айту. Қалай болса да бұл өмірде алғыс айту керек адамдар жеткілікті ғой.

3. Сүю

Ойыншылар көбіне өз мемлекетінің немесе клубының елтаңбасын сүйіп жатады. Сондай-ақ, неке жүзігін, тіпті командағы әріптестерін де сүйіп жататын ойыншылар да бар.

4. Құшақтасу

Бұл әрекет ойыншылар арасындағы ең танымалы. Бұл әдіс ойыншылардың голды ортақтаса тойлағандарының белгісі.

5. Би және акробатика

Бұл енді әркімнің бойындағы дарынға байланысты. Кейбірі би билесе, ал енді біреулер өз голын акробатика жасаумен тойлайды.

6. Соққан голды балаға арнау

Бұл дәстүрді 1994 жылы Бебето «тербелтуден» бастаған.  Ал атақты италияндық футболшы Тотти баласына арнаған голды саусақ сору арқылы білдірген. Өз кезегінде, ван Перси егер гол соқса, крөермендерге «мұрнын» көрсетеді деп уәде берген екен. Соынмен қатар, кейде туылмаған балалар да футболшылардың ықыласына бөленіп жатады.

7. Шөп үстімен сырғанау

Тізерлеп не болмаса екбетімен жатып сырғанауға болады. Сондай-ақ, сырғанау кезінде бұрыштама жалауларын жинап алуға болады. Бірақ, мұндай тәсіл ең танымал болғанымен, бүгінде үйреншікті нәрсеге айналды.

8. Айналадағыларды ату

Қандай қару таңдайтыны ол әр футболшының жеке таңдауы – мейлі ол автомат болсын, мейлі садақ болсын.

9. Шешіну

Бұл әдісті футбол фанаттары қаншалықты жақсы көргенімен, төрешілердің соншалықты деңгейде ең жек көреді. Аталған әрекет үшін аямай жазалайды да. Сондықтан болар кейбір футболшылар жейделерін көтерумен ғана шектеліп қояды.

10. Тшшш!

Соңғы уақытта ресей футболшысы Аршавиннің арқасында танымал болған «тшшш!» әдісін айтпай кетуге болмайды. Дегенмен, бұл әдісті Аршавиннің өнертабысы деуге келмейді.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: eurosport.ru, mirfactov.com

Ж. FM