Кез келген жаттығу жасауда уақыт интервалын сақтау маңызды. Оған қоса жаттығу барысында түсетін қосымша салмақты есептеп, ескеру қажет. Осыған байланысты жаттығу жасап жүрген не енді бастайтындар үшін арнайы смартфондағы таймер-қосымшалар туралы айтамыз.
Interval Timer
Үйде де, залда да жаттығуға арналған қосымша. Жүгіргенде, велосипед тепкенде, стретчинг, бокс, ММА және темір-терсек көтеруге қолдануға ыңғайлы.
Seconds
Кәсіби спортшыларға арналған көпфункциялы таймер. Жаттығу кезінде тек уақыт интервалын есептеп қана қоймай, жүрек қағысын да қадағалап отырады. Бұған қоса қосымшадан кез келген уақытта ағзаңыз туралы толық ақпаратты білуге болады.
Tabata Timer and HIIT Timer
Жүгіру мен функционалды жаттығуға арналған қосымша. Басқаларынан ерекшелігі, ыңғайыңызға қарай уақытты дауыстап айтады.
Боксшы таймері
Спарринг кезінде уақытты бақылауға арналған таймер. Кез келген әуесқой да, кәсіпқой да спортшыға арналған. Бокстан бөлек бұл таймер кез келген күш қолданатын спорт түрлерінде пайда болады.
Табата Таймер
Тағы бір әмбебап таймер. Қажетіңізге қарай жаттығу бағдарламасын жасап, уақыт интервалын ыңғайыңызға қарай қойсаңыз болады.