- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Сленг сөздерді жиі...
Сленг сөздерді жиі қолданасыз ба?
Сленг дегеніміз не? Сленг сөзі ағылшынның "slang, jargon" сөздерінен шыққан. Әлеуметтік диалект. Лингвистердің зерттеуі бойынша сленг сөздер 13-23 жас аралығында кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, жастар арасындағы жаргон сөздерден бөлек, әскери,журналистік,қылмыстық сленгтер де бар. О баста аталмыш сөздер жасырын топтар арасында, ұйымдардың бір-бірімен қарым-қатынасы нәтижесінде,құпия ақпараттармен араласу нәтижесінде жүзеге асқан. кейін жастар арасында қолданысы артып, сәнге айналған. Өзіміз білетіндей әр өңірдің өзіне диалект сөздері бар. Әр мамандықтың өзіне термин сөздері бар. Сол секілді ғылымға сленг сөздер де іштей енді. Сленг сөздер дөрекі әрі көңіл-күйді білдіретін сипатта болады. Қазақ жастары арасында кеңінен қолданылатын сленгтер қатарына : "Жынды", "базар жоқ", "өшіп қал", "раха", "братуха", т.б сөздер қатары жатады. Сонымен қатар, мағынасы әртүрлі сленг қатары да бар. Мысалы, "тусовка" сөзін жастар арасында "мерекелік кеш" деп түсінсе, қылмыстық ортада "ұрылардың жиналысы" деген мағынаны береді. Қызық құбылыс, йә?! Сленг сөздер жігіттер арасында жүзеге асып жатса еш әбестігі жоқ. алайда қыздар арасында дұрыс сөйлеу этикасына тән емес. Аталмыш сөздер уақыт өткен сайын ескіріп, жаңарып отырады.
Назарларыңызға әдеби норма мен сленг сөздерді ұсынамыз.
1. Өзіне көп алады – артық кетті, шектен шығу
2. Типа – сол сияқты, тәрізді, секілді
3. Ботан – сабақты өте жақсы оқиды
4. Орнына қойып тастадым – орынсыз екенін әлелдедім
5. Грамотно айтып тастады – өте орынды пікір білдірді
6. Забей – ұмыт, қоя сал
7. Мықты шарит, прошаренный – ойлау қабілеті жылдам
8. Мамка-батя курста ма – ата-анаң біле ме?
Сленг сөздерге жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жігіттердің 50 пайызы, қыздардың 33 пайызы күнделікті өмірде қолданады екен. Онымен күресудің еш пайдасы жоқ. Жас шамасына қарай доғару процесі өздігінен жүзеге асады.
Ә. Жутаева