Франция ішкі біріншілігінің 11-турының «Генгам» мен «Аяччо» командаларының кездесуінде тосын бір жағдай орын алған.
Қонақтардың шабуылшысы Жуниор Талло допқа бір жанасқан сәтте ауыр жарақат алып қалған сыңай танытып, уақыт созып жатып алуға бекінеді. Ал сол уақытта «Аяччоның» бас бапкері Фабрицио Раванелли өз ойыншысына сеніп қалып, тез арада орнына басқа біреуді шығаруға бел буады. Міне, осы арада Талло бірден орнынан тұра кетіп, ойыннан алып тастағанына түсінбей тұрғанын жеткізгісі келген...
Бұл қызыққа да бір қарап шығыңыз:
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Сурет: palo.gr