Швейцарияның Ульрихен елдімекенінде ұйымдастырылған дәстүрлі футбол турниріне келген ФИФА президентіне жергілікті билік өкілдері мен тұрғындар сиыр сыйлады. Бұл туралы «Associated Press» агенттігі хабарлап отыр.
Швейцарияда сыйлы қонаққа сиыр сыйлайтын ерекше салт бар. Сол салт жорығы бойынша Йозеф Блаттерге жергілікті тұрғындар Коломбо атты сиыр сыйлады. Ал өз кезегінде ФИФА президенті сөзден тосылмай, "тағы бір кішкентай Коломбо пайда болғанда сиырды алып кетемін" деп сый соңын әзілге айналдырды.
Айта кетейік, Ульрихендегі турнир биыл 18-ші рет ұйымдастырылды. Жарыстың салтанатты шарасына Йозеф Блаттермен қатар Мишель Платиниді де құрметті қонақ ретінде шақырған болатын. Бірақ УЕФА президенті Швейцарияға барған жоқ.