Ұлы суретшілер, жазушылар мен ғалымдар арасында ауыр психологиялық проблемалары бар адамдар көп, бірақ олардың ауруы өздері туралы жақсы естеліктер қалдыруға кедергі келтірмейді. Бүгін біз шығармашылық және ғылыми қызметінің нәтижесінде ғылым мен мәдениетте өшпес із қалдырған және әлемді жақсы жаққа өзгерте білген "ұлы шизофрениктер" туралы айтатын боламыз.
Фридрих Вильгельм Ницше
Бұл диагноз көптеген данышпандарға қойылды. Мысалы, Фридрих Вильгельм Ницшеге қарапайым шизофрения емес, аталған аурудың ең асқынған, яғни, ақыл-ойдың тежелуінен, бас ауруынан запа шеккен.
Ол етігімен су ішіп, қатардағы әскерді Бисмарк (Германия империясының бірінші канцлері) деп ойлап, шыны сынықтарынан тоған тұрғызған. Ницше ұрпақ жадында осы әрекеттерімен емес, ойшыл, филолог, композитор, ақын және философиялық ілімді жасаушы ретінде қалды.
Филип К.Дик
Жазушы Филип К. Дик шизофренияның жеңіл түрімен ауыратынын айтқан. Ол кино әлемінде "Ұстара жүзімен жүгіретіндер" фильміне негіз болған "Андроидттар электр қой армандай ма?" (1968) атты ғылыми фантастикалық романымен танымал болды. Кейбіреулердің айтуынша, дәл осы ауру авторға кітаптарының тақырыбы мен сюжетін жасауға көмектескен.
Винсент Ван Гог
Нидерландық пост-импрессионист суретші өзінің көптеген картиналарын жиі шизофрениялық ұстамалар кезінде салған деп есептеледі. Осы кезеңде бірнеше күн ұйықтай алмай, күніне бірнеше картина
Николай Гоголь
Гогольдің өмірі мен шығармашылығын зерттеушілердің айтуынша, ол клаустрофобияға толы кезеңді, психоз бен шизофрениядан зардап шеккен. Николай Васильевичте галлюцинация жиі болатын. Жазушы шығармаларының кейбір кейіпкерлерін солардың негізінде жасаған.
Исаак Ньютон
Кейбір зерттеушілер Исаак Ньютонда шизофрения және биполярлық бұзылыс болған деп санайды. Ньютон ұлы математик және физик, бірақ оның көңіл-күйі сағат сайын өзгергендіктен, онымен сөйлесу өте қиын болған екен.
Джон Нэш
1994 жылы экономика бойынша Нобель сыйлығы ойын теориясы мен дифференциалдық геометрия саласында жұмыс істеген белгілі америкалық математик Джон Форбс Нэшке берілді. Бір қызығы, Джон Нэш ауруымен келісе алған. Ұстама кезінде ол ауруға назар аудармауды үйренген. Бұл өз кезегінде дәрігерлер бастапқыда аурудың жақсаруы деп ойлады. Өкінішке қарай, Нэш 2015 жылы жол апатынан қайтыс болды.