- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Шева футболға қайта...
Шева футболға қайта оралмақ
Киевтік "Динамо" командасының бұрынғы шабуылшысы Андрей Шевченкоға Индонезияның ішкі біріншілігінде көшбасшы саналатын "Митра Кукор" клубы құда түсіп отыр. Өткен жазда футболмен қош айтысқан ойыншыны өздерінің сапынан көргілері келеді екен.
Индонезиялықтар 36 жастағы ойыншыға бес ойынға келісімшарт ұсынбақ. Айта кетсек, Шевченкоға өзі қатысқан әр ойын үшін қомақты қаржы (100 мың доллар шамасында) алып отырады.
"Андрей "Митра Кукор" клубына барудан бас тартып отырған жоқ. Бірақ, қанша ойын өткізетіні белгісіз болып отыр. Егер де біз Шевамен ортақ мәмлеге келер болсақ, онда екінші кезеңнен бастап өнер көрсетеді. Себебі, жаңа ойыншыны тіркейтін уақыт өтіп кетті" - дейді "Митра Кукор" клубының менеджері Рони Фаузан.
Бұл турасында ISport.ua ақпарат таратты.
сурет:infosmi.net
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига