- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Шаңғышы 250 метрге...
Шаңғышы 250 метрге дейін секіріп, әлемдік рекордты жаңартты (Видео)
Петер Превц Норвегияның Викерсунд қаласындағы Әлемдік кубок кезеңінде екінші талпынысынан-ақ 250 метрлік қашықтықты бағындырды. Осы нәтиже планетаның жаңа рекорды болды, деп хабарлайды inform.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейінгі жетістікті (246,5 метр) 2011 жылы осы трамплинде норвегиялық Юхан Ремен Эвенсен орнатқан болатын. Викерсундтегі жарыста Превц норвегиялық Андреас Фаннамель мен жапондық Нориаки Касаиді озып, жеңімпаз атанды. Айта кетейік, 22 жастағы словендік спортшы Әлемнің үш дүркін және 2014 жылғы Сочидегі Олимпиаданың екі дүркін чемпионы.
сурет: nh.ee
Е. Қайрахан