"Шахтер" мен "Боруссия" матчы тең есеппен аяқталды

"Шахтер" мен "Боруссия" матчы тең есеппен аяқталды

УЕФА чемпиондар Лигасының 1/8 финалы аясында өткен Донецктің "Шахтері" мен Дортмундтың "Боруссиясы" арасындағы кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды.

Матчтағы алғашқы есепті 31-минутта "кеншілер" қатарынан Дарио Срна ашты. Ол 25 метр қашықтықтан айып добын шебер орындап, допты қақпаға тоғытты. Бірінші тайм аяқталуға 3 минут қалғанда Роберт Левандовский есепті теңестіріп кетті.

68-минутта "Шахтер" бапкерінің алаңға жасаған өзгерісі өз нәтижесін берді. Тайсонның орнына шыққан Дуглас Коста тамаша соғылған голымен командасын алға шығарды. Бірақ ойын аяқталарға үш-ақ минут қалғанда қонақтар жеңілістен құтылып үлгерді. Бұрыштан берілген допқа бірінші болып секірген Маттс Хуммельс допты қақпа торынан бір-ақ шығарды. 

Сонымен қорытынды есеп 2:2 болып тіркелді. Қарымта ойын 5-наурызда Дортмундта өтеді. 


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: sportdialog.ru

Б. Қосмағамбет