Аралас жекпе-жектен әйгілі америкалық ММА спортының шебері Джеф Монсон өзінің бір құпиясын бөлісті. Америкалық басылымға берген сұқбатында, ол өзінің жекпе-жек алдында аяғының тырнақтарын неге бояп шығатынын айтыпты.
- Менің қызым кішкентай кезінде аяғымның тырнақтарын қызғылт түске бояп берді. Сол күні бояуды ұмытып кетіппін. Ертесіне жекпе-жекке шығып, жеңіске жеттім. Содан бері басты кездесулерімнің алдында аяғымның тырнақтарын сәттілік үшін бояп шығамын, - деген спортшы.
Айта кетейік, 44 жастағы спортшы кәсіпқой аренадағы мансабын 1997 жылы бастаған екен. 2014 жылдың наурыз айында бір кездесуін қазақстандық Шахмарал Жетпісовке қарсы өткізіп, ауыр нокаутпен жеңілген болатын.
Оқи отырыңыз
Шахмарал Жетпісов басты жекпе-жекте жеңіліп қалды
Ерлан Тілеуімбетовтың жойқын соққысы (видео)