Сепактакрау – оңтүстік-шығыс Азияда дамыған спорт түрі. Бұл сөздің шығу тегіне малайзия фонетикасының әсері бар. Бұлай дейтініміз атаудың шығуы сол жақтан. Ал спорттың өзіне келер болсақ, бұл қолмен емес аяқпен ойнайтын волейбол.
Тайланд, Малайзия, Индонезия, Сингапур, Вьетнам, Үндістан жерлерінде тараған, жиі ойналатын спорт түрі. Таң қалмаңыз тіпті жарыс түрі де өтеді. Тек әлемдік деңгейдегі спорт түріне жатпағанымен өзінің жанкүйерлері де жетерлік. Ойынға екі құрама қатысады. Әр жақта үш адамнан болады. Алаңның көлемі – 13,4 немесе 5,18 метр. Ал тордың биіктігі – 1,55 метр. Ойын тәртібі тура қолмен ойнайтын волейбол ойыны секілді. Тек мұнда аяқпен ойнайсыз.
Ойынның шығу тарихы
Сепактакрау – 15 ғасырға тән спорт түрі. Оған дәлел Малакк сұлтанның қолжазбаларынан табылған құнды жәдігерлерге байланысты. Тайланд елінде ең үлкен храмға бұл ойынның суреті бейнеленген. 1785 жылдар аралығы деп көрсеткен.
1940 жылы бұл спорт түрі Оңтүстік-Шығыс Азияда қатты қарқын алып дамып кетті. Аталған спорт түрінің халықаралық аты да бар: International Sepak Takraw Federation (ISTA).