Сауд Арабиясында стадионға кірген әйел жазаланады

Сауд Арабиясында стадионға кірген әйел жазаланады

Сауд Арабиясы – әйелдерге тыйым салған қатал заңы көп елдердің бірі. Бұл елде әйелдердің өзіндік құқық заңдары бар. Егер ол заңдарға қайшы келер іс жасап жатса, жазаланатын болады. Сонымен қатар, елде әйелдерге спортпен шұғылданбақ түгіл, стадионға барып, футбол тамашалауға да тыйым салынған.

Жақында «Эль-Шабаб» пен «Эль-Этихад» командаларының ойынын көруге бір әйел ерлер үлгісінде киініп кіріп кеткен. Көрші қатарда отырған қонақ команданың жанкүйерлері байқап қалып, нәтижесінде полицияға хабар берген. Елдің заңына сәйкес, әйелдердің спорттық іс-шараларды тамашалауына тыйым салынған. Алдағы уақытта ереже бұзған әйелге қарсы жаза кесілетін болады.

Сауд Арабиясы әйелдердің көлік айдауына да тыйым салған әлемдегі бірден-бір ел. Билік басына да нәзік жандыларды жолата бермейді.  

Cурет:bolshoisport.ru

О. Сансызбай