«Барселона» клубының президенті Сандро Росель өз командасына басты бәсекелес саналатын «Реал» клубының құрамында өзіне тек бір ғана ойыншы ұнайтынын мәлімдеді.
«Реалда» көптеген жылдар бойы мен ұнатып жүрген ойыншы біреу-ақ». Мадридтік клуб сапында жақсы ойыншылар жетерлік, дегенмен өз клубым үшін мен тек олардың біреуін ғана таңдар едім. Бірақ, мен оның есімін атамаймын», - деді Росель.
Журналистер бірден футболшының аты-жөнін болжап, Росель айтып отырған ойыншы Икер Касильяс деп шешкен болатын. Алайда, каталондық клубтың президенті бұл болжамға «Касильяс дейсіздер ме? Балгерлік етудің қажеті жоқ», - деп тіл қатты.
Ал журналистердің Криштану Роналду деген нұсқасына футбол саясаткері бірден: «Мен Роналдуды «Барселонаға» тегін болса да шақырмас едім. Кейде тегін нәрсе үшін үш есе қымбат төлеу керек болады» деп жауап қайырды.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: eurosport.ru