"Испания біріншілігі өзге біріншіліктермен бәсекеге лайықты болу үшін командалар санын 16-ға дейін қысқартуы керек, ал Чемпиондар Лигасына қатысатын командалар санын 64 командаға дейін көбейту керек" деп ойлайды «Барселона» командасының президенті Сандро Росель.
«Бүгінгі таңда ең мықты команда дегеннің өзі үш маусым ғана жоғарғы деңгейде өнер көрсете алады. Ал біздің команда осымен төртінші маусым қатарынан жоғарғы деңгейде өнер көрсетіп келеді. Бұл маусымды біз сәтті бастадық. Алдағы уақыттарда да «Барселона» сәтті өнер көрсетеді деген ойдамын.
Қазір біздің команданы Тито Виланова жаттықтыруда. Ол біздің командада әлі де екі жыл жұмыс жасайды. Мен Титоға алдағы уақытта тек жеңіс тілеймін. Бұл бапкерді тағайындау барысында команданың спорт директоры Андони Субисаррета еш қателеспегеніне көзім жетіп отыр.
Сонымен қатар Хави клуб сапында қалса нұр үстіне нұр болар еді. Хави және Пуйоль секілді жігіттер спорттық ғұмырын біздің команданың сапында аяқтаса деймін. Өйткені бұл ойыншылар «Барселонаның» өз мектебінен тәрбиеленіп шыққан.
2014/15 жылғы маусымнан кейін жалпы испан біріншілігінде өнер көрсететін коандалардың барлығы дерлік ТВ-трансляцияларды қайта қарап шығу керек. Өйткені, «Реал» мен «Барселона» ойнаған кезде трансляцияның бағасы тым қымбат, ал басқа командалар өнер көрсеткенде тым арзан болып кетеді.
Біз біріншілікте өнер көрсететін командалардың санын 20-дан 16 командаға дейін қысқарту керекпіз. Мүмкін осы жағдайда Чемпиондар Лигасына қатысуға басқа командалардың да мүмкіншіліктері артатын шығар. Өз басым Қартамыс құрлықтың ең басты турниріне 32 команда емес, 64 команда қатысқанын қалаймын. Егер де күндердің бір күнінде Каталония тәуелсіздігін алып жатса, бәрібір де «Барселона» Испания біріншілігінде өнер көрсететін болады. Дегенмен мен бұл жөнінде ойланғым келмейді. Қазір басты мақсат Испан командаларының өзге елдердің командаларымен терезесі тең дәрежеде ойнауын ойластыру керек», - дейді Росел.
Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ
Сурет: www.eurosport.ru