"Сан-Сиродағы" сергелдең

"Сан-Сиродағы" сергелдең
Фото: crestock.com

Чемпиондар Лигасының ережесіне сәйкес, плэй-офф кезеңдерінде командалар екі ойын өткізеді: бірі өз алаңында ойналса, екіншісі қонақта өткізіледі. Екі ойын нәтижесіне, соғылған голдарына қарай, бір бас жоғары болған команда келесі кезеңге өтеді. Егер екі ойында да нәтижелер тең болса, қонақта соғылған гол саны маңызды рөл атқармақ. Бұл қағиданың кемшіліктері мен әділетсіз тұстары да баршылық. 

2003 жылы Чемпиондар Лигасының жартылай финалында "Интернационале" мен "Милан" кездескен еді. Италиялық қос клуб Милан қаласынан әрі екі команда ортақ "Сан-Сиро" стадионында ойнайды. Жеребе тартылғаннан кейін, жартылай финалдың екі ойыны да "Сан-Сирода" өтетін болады. Миландық дербиде алғашқы кездесу 0:0 есебімен аяқталады, алаң иелері – "Милан". Екінші кездесу де тең аяқталады, бірақ 1:1 есебімен. Сәйкесінше алаң иелері – "Интер". Нәтижесінде қонақта соғылған 1 голдың арқасында "Милан" командасы финалға өтіп кетеді. Ереженің аты ереже. Бұл текетірестен кейін "Интер" жанкүйерлері әділетсіздікке наразылықтарын білдіріп, біраз резонанс тудырған.


Massaget.kz