Самат "Ризеспор" сапындағы алғашқы ойынын өткізді

Самат Смақов түріктің "Ризеспор" клубы қатарындағы өзінің алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы матч басталысымен негізгі құрамда шығып, бірден орталық алаңдағы орынға жайғасты. Ал оның командасы болса, үшінші минутта-ақ есеп ашып, "Газиантеп" тек 28-минутта ғана есепті теңестіре алды. 

Үзілістен кейін "Ризеспор" шабуылды күшейтіп, соның нәтижесінде үш жауапсыз доп соға алды. Бұл матчта Самат та бірнеше қауіпті соққыларымен көзге түсе алды. Саматтан бөлек, "Ризеспор" сапында еліміздің атақты қақпашыларының бірі Давид Лория да өнер көрсететінін айта кетейік. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vesti.kz