«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Уэйн Руни клубтан кетуге ниетті екені білдірді, бірақ, оның мұндай ісі мақұлданбады деп хабарлайды Sky Sports басылымы.
Кезінде Уэйнді «Эвертоннан» «Юнайтедке» сатып жіберген Дэвид Мойеспен Рунидің ара-қатынасы суық көрінеді.
50 жастағы Мойестің «Олд Траффордқа» келуі мүмкін деген сыбыстар Рунидің ағымдағы маусымнан мүлдем түңілуге басты себептердің бірі болды. Айта кетсек, ағымдағы маусымда ол негізг құрамдағы орнын түбегейлі жоғалтып, команданың негізгі ойыншы дәрежесінен айырылды.
Осыдан екі апта бұрын Уэйн сэр Алекс Фергюсоннан өзіне жаңа клуб тауып беруді сұраған екен. Алайда, бұл ақпарат енді ғана жарыққа шығып отыр және бірден «Юнайтедтің» ресми өкілі тарапынан түсініктеме берілді.
«Уэйн Руни сатылмайды», - деді клуб өкілі.
Айта кетсек, аптасына 200 мың фунт ақша алатын 27 жастағы ағылшынның «Манчестер Юнайтедпен» жасасқан келісім-шартының аяқталуына әлі екі маусым бар. Бұған қоса, мюнхендік «Бавария» Уэйнге қызығушылық білдіріп жүр және ол үшін 30-35 миллион фунтқа шығындалуға дайын деген де сыбыс бар.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: vesti.kz