Қазақстандағы мұнай-газ өндіретін Теңізшевройл компаниясының өкілдері Женевада әлемнің үздік футболшыларының біріКриштиану Роналдуғақазақтың шапанын сыйға тартты, - деп хабарлайды ZTB. Португалия құрамасы бүгін Нидерландпен жолдастық кездесу өткізеді. Ойын алдында қазақстандық компанияның өкілдері шапан сыйлап, естелікке кәдесый берді. Айта кетейік, Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы алғашқы ойынын 2003 жылдың 20 тамызында Қазақстан құрамасына қарсы өткізген. Ал 2008 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстанға қарсы екі ойынға да қатысып, екі кездесуде де гол соққан болатын.