Әйгілі футболшы Криштиану Роналдудың жақында түрік сериалдарының біріне түсуі мүмкін екені жайлы ақпарат жарияланған болатын. Бүгін футболшының өкілдері бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.
- Бұл жаңалық – барып тұрған жалған ақпарат, - деді футболшының өкілі AS.com сайтына берген сұхбатында.
Айта кетейік, түрік сериалына Криштиану Роналду ғана емес, Голливуд жұлдызы Анджелина Джолидің де түсуі мүмкін екені айтылған еді.