Танымал Португалия шабуылшысы, «Реалдың» форварды Криштиану Роналду өзінің футболдағы «еңбек жолында» тұңғыш рет өз қақпасына доп соқты. Нәтижесінде, Испания біріншілігіндегі аутсайдер саналатын «Гранада» командасы 1-0 есебімен жеңіске жетті.
«Лос-Карменс» деп аталатын стадионда болып жатқан ойынның 22 минутында Роналду өз қақпасының таяу бұрышында тұрып допты қағып жібергісі келіп, қате басты. "Реал" қақпасында доп тулай жөнелді. Бұдан кейін Жозе Моуринью шәкірттері есепті теңестіре алмады. Ойын 1-0 есебімен алаң қожайындарының пайдасына шешілді.
Турнирлік кестеде «Реал» 22 ойыннан соң 43 ұпаймен үшінші қатарға тұрақтады. Өзінің басты қарсыласы «Барселона» командасынан 15 ұпайға қалып келеді. Ал «Гранада» командасы 23 ұпаймен 16-орынға көтерілді.
Айта кетейік, Испанияның биылғы чемпионатында Роналду 21 гол соққан. Ал оның командасы 5 ойында жеңіліс тауып, 4 ойын тең ойнап, 13 ойын жеңіспен келеді.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/ipzZDlzGj38","width":"450","height":"350"});
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: vesti.kz