"Ювентус" футбол клубының португалдық шабуылшысы Криштиану Роналду өз командасының қатарынан көргісі келетін 6 футболшының есімін атады, - деп жазады Mirror басылымы.
Туриндік команда жазғы ауысым кезінде құрамын күшейтпек. Ол үшін командада ойнап кете алатын футболшыларды таңдау да маңызды. Бұл тақырып бойынша бас жаттықтырушы Массимилиано Аллегри команда көшбасшысымен ақылдасқан.
Португалдық футболшы өз командасынан көргісі келетін футболшылардың бірі, ол - отандасы Жоау Фелиш. 19 жастағы ойыншы қазіргі таңда Лиссабонның "Бенфика" клубында ойнайды. Осы маусымда айрықша талантымен танылды. Сондай-ақ "Реалдағы" бұрынғы командаластары Рафаэль Варан және Искомен бірге алаңда қайта доп тепкісі келеді.
Роналду айтқан 6 ойыншының қатарына "Фиорентина" командасының вингері Федерико Кьеза, "Рома" командасынан қорғаушы Константинос Манолас және "Лион" клубының жартылай қорғаушысы Танги Ндомбеле енген.