Футболдан 2014 жылдың «Алтын доп» иегері де анықталды. Салтанатты шара соңынан Халықаралық футбол қауымдастықтары одағы (ФИФА) ресми сайтында кімнің кімге дауыс бергені туралы ақпаратты жариялап үлгерді.
«Алтын доптан» басты үміткер саналған Криштиану Роналду мен Лионель Месси бір-біріне дауыс бермеген. Португалиялық ойыншы Серхио Рамос, Гарет Бэйл және Карим Бенземаны үздік деп таныса, аргентиналық сұрмерген Анхель Ди Мария, Андреас Иньеста және Хавьер Маскерано есімін атаған.
Криштиану Роналду дауыс беру қорытындысы бойынша, басты қарсыластарынан екі есе көп нәтижеге ие болған. Оны дауыс берушілердің 37,66 %-ы қолдаған. Лионель Месси 15,76 % қолдауға ие болса, Мануэль Нойер 15,72 % көрсеткішпен шектеліпті. Дауыс беру рәсіміне 181 елдің бапкері, 182 елдің құрама капитандары, 181 елдің бір-бір спорт тілшілері қатысқан.
Португалиялық шабуылшы спорттық мансабында «Алтын допты» үшінші рет жеңіп алды. Нәтижесінде бұл көрсеткіш бойынша, әйгілі Марко ван Бастен, Йохан Кройфф және Мишель Платинимен теңесті. Алдағы уақытта Лионель Мессиді де қуып жетуге талпынатынын жеткізді.
Сонымен футбол тарихындағы тағы бір айтулы оқиға артта қалды. Енді, кімнің кімге дауыс бергенін қарай отырайық.
Сурет: fifa.com