Футболдан Испания ла лигасының жаңа маусымы басталды. Алғашқы турда Мадридтің Реалы өз алаңында Хетафені 2:0 есебімен ұтты. Бірінші тур болғанына қарамастан Сантьяго Бернабеу стадионына ағылған жанкүйерлер саны көп болмады. 81 044 адам сыятын алаңның тең жарытысына жуығы бос тұрды. Нақтырақ айтсақ, Хетафеге қарсы кездесуге 48 466 жанкүйер келген. Бұл - корольдік клуб тарихында соңғы 10 жылда болмаған оқиға. Соңғы рет Реалдың ойынына ең аз жанкүйер 2008/2009 жылғы маусымда Мальоркаға қарсы ойында жиналған екен. Хуанде Рамос жаттықтырған бұл тұста команда қарсыластарына 3:1 есебімен есе жіберген. Испан басылымдары хабарлағандай, Реал ойынына жанкүйерлердің аз келуіне себеп бір фактор - РоналдудыңЮвентуске ауысуы. Команда көшбасшысы атанып келген португалдық футболшы осы жазда корольдік клубпен қош айтысқан еді. Криштиану Роналду Реал футбол клубы сапында 438 ойынға қатысып, 451 гол соғып, команда тарихындағы ең үздік сұрмерген атанған ойыншы.