Криштиану Роналду тілшілерге өкпелеп қалды. Өкпелегені соншалық маусым соңына дейін қолында микрофоны мен камерасы бар бірде-бір адаммен сөйлеспеу туралы шешім қабылдады, – деп жазады egemen.kz. Бұл туралы baq.kz хабарлады.
Кеше түнде Роналдудың командасы Чемпиондар лигасында Германияның «Шалькесінен» 3:4 есебімен жеңіліп қалған еді. Бұл нәтиже португал футболшысына қатты әсер етті. Тіпті, ойыннан кейін алаңнан кетіп бара жатқан Роналду командалас әріптесі Бенземаға «бұнымыз ұят болды» деп, көңіл-күйінің болмай тұрғанын жеткізген. Сондай-ақ, ол тартыстың нәтижесі мен команданың ойынына көңілі толмағанын, сол себепті БАҚ өкілдерімен кездескісі келмейтінін білдірді. 90 минуттық тартыстан кейін баспасөз өкілдерінің қарша бораған сұрақтарына Криштиану: «Мен қазір ештеңе айтпаймын. Жалпы, маусым соңына дейін БАҚ өкілдерімен сөйлеспеймін», – деп қысқа да нұсқа сөз айтып, жөніне кете барды. Маусымның мамыр айында аяқталатыны белгілі. Демек, футболшы сол уақытқа дейін тілші атаулыға байкот жариялап отыр.
Айта кетейік, «Реал Мадрид» «Шалькеден» жеңілгеніне қарамастан, Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты. Себебі, үш апта бұрын Гельзенкирхенде өткен алғашқы ойында мадридтіктер 2:0 есебімен жеңген еді. Сол ойында Роналду бір мәрте мергендігімен көзге түссе, кешегі бәсекеде екі голдың авторы атанды. Осылайша Криштиану Чемпиондар лигасында сұрмергендер көшін бастады. Оның еншісінде бүгінде 77 доп бар. Бұл көрсеткішпен Роналду Рауль Гонсалес пен Леонель Мессиді асып кетті.
сурет: eurosport.com