Ертең Цюрихте футболдағы жеке тұлғаға берілетін мәртебелі сыйлық - «Алтын доп» иегері анықталады. Бұл марапаттан Криштиану Роналду, Лионель Месси және Мануэль Нойер үмітті.
Швейцария жеріне мадридтік «Реал» мен Португалия құрамасының ойыншысы Криштиану Роналду жеке ұшағымен барады. Сонымен қатар, салтанатты кешке сүйіктісі Ирина Шейк пен отбасын да ала бармақ. Одан өзге жеке ұшағымен «корольдік клубтың» бас бапкері Карло Анчелотти мен жеке агенті Жорже Мендеш, және клуб мүшелерін де ала баруды жоспарлап отыр екен.
Айта кетейік, Криштиану Роналду мен Лионель Месси соңғы 6 жылда жекелей ойыншыға берілетін «Алтын допты» өзара иеленіп келеді. Екеуі биыл да бұл атақтан басты үміткер саналып отыр. Соңғы 3 жылда екі ойыншы да үміткер үштіктен шыққан емес. Сонымен қатар бұл маусымда қақпашы Мануэль Нойер де «Алтын допқа» таласатын болады.
Сурет: ntv.ru