9 маусым күні Португалия ұлттық құрамасы Мәскеуге ат басын бұрады. Кейіннен Кратовоға аттанып, Сатурн жаттығу базасына жайғасатын болады. Команда сенімді қарауда болғанмен,Роналдуөзімен жеке екі бірдей қорғаушысын ерте келетін көрінеді. The Mirror басылымы хабарлағандай, португалдық футболшы жеке басының қауіпсіздігіне баса мән берген. Ол Ресейге өзімен бірге аралас жекпе-жек шеберіГонсало Сальгадомен матадорНуну Да Круз Марекоштыерте келеді. Сальгадо Роналдудың сенімді қорғаушыларының бірі. Салмағы 140 кг тартатын қорғаушы спортшы кезінде бұдан да ауыр болған. 2006-2011 жылдар аралығында 9 жекпе-жек өткізген. 7 кездесуінде жеңіске жетіп, 2 рет жеңілген. Танымал шабуылшының жеке қорғаушысымен түскен суреттерін жиі байқауға болады. Марекош жайлы ақпарат аз. Ол бұрын әскери қызметте болған. Әуежай қауіпсіздігі агенттігін басқарған. Ең бір қызығы, ол матадор екен. Дұрысы фуркаду. Матадор мен фуркадуда айырмашылық бар. Португалдық коррида сайысы испандықтардікі секілді емес. Оларда бұқаны өлтірмейді. Фуркаду шайқасқа құр қол шығады, және олар бір емес бірнешеу болады. Басты мақсат бұқаны мүйізінен ұстап, әбден шаршату қажет. Айта кетейік, Ресейдегі әлем чемпионаты кезінде ИШИМ лаңкестік ұйымы танымал футболшыларға қастандық жасағысы келетіні жайлы ақпараттар тараған болатын.