Испандық "Реал" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Marca газетінің тұжырымы бойынша 2012/13 жылғы маусымның ең бағалы ойыншысы атанып отыр.
Marca өзінің ресми сайтында УЕФА-ның 2012/13 жылдардағы маусым бойынша Еуропа біріншіліктеріндегі ең үздік ойыншы атағына үміткер он ойыншының тізімін жариялаған екен. Дауыс беру қорытындысы бойынша бірінші орынды чемпиондар Лигасында 12 доп соғып үздік бомбардир атанған Криштиану Роналду иеленді. Португалия құрамасының форвардын дауыс берушілердің 54 пайызы қолдаған екен (12 544 дауыс).
Екінші орынға аргентиналық Лионель Месси жайғасқан. Ол қолданушылардың 23 пайыз дауысын жинаған (5235 дауыс). "Барселона" шабуылшысы чемпионаттағы 32 матчқа қатысып, 46 доппен көзге түскен. Үздік үштікті 10 пайыздық көрсеткішпен (2266 дауыс) дортмундтық "Боруссия" клубының шабуылшысы Роберт Левандовский қорытындылап тұр. Естеріңізге салсақ, поляк футболшысы чемпиондар Лигасының жартылай финалдық матчында "Реал" қақпасына төрт доп тоғытқан еді.
Ал қалған үміткерлер Арьен Роббен, Франк Рибери, Томас Мюллер, Бастиан Швайнштайгер (барлығы да – "Бавария"), Гарет Бэйл ("Тоттенхэм"), Златан Ибрагимович ("ПСЖ") және Робин ван Перси ("Манчестер Юнайтед") 13 пайыздан кем дауыс жинады.
Одан бөлек, Португалияның спорт журналистерінің ассоциациясы Криштиану Роналдуды осымен сегіз жыл қатарынан шетелде ойын көрсететін Португалияның спортшылары арасынан да үздік деп таныды. Осылайша ол 2006-2011 жылдар аралығында аталған сыйлыққа ие болып отыр.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: ntv.ru