- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Роналду 11 жасар...
Роналду 11 жасар жанкүйерді жаралады (видео)
Криштиану Роналдудың жойқын соққысы 11 жасар баланың қолын сындырды. Бұл оқыс оқиға мадридтік «Реал» мен ағылшындық «Бормут» футбол ұжымдары арасындағы жолдастық кездесуде орын алған.
Алтыншы минутта алыстан бағыттаған Роналдудың соққысы қақпаны жанай өтіп, ағылшындық футбол жанкүйерінің қолына тиген. Алайда 11 жасар бала ауырсынуға қарамастан, ойында төрешінің соңғы ысқырығы шалынғанша тамашалаған. Ойын соңынан «корольдік клуб» басшылығы жанкүйерге барлық футболшының қолы қойылған жейдені тарту етті. Дәрігерлер 11 жасар баланың білегі сынған деген диагноз қойыпты.
Естеріңізге сала кетейік, дәл осы жолдастық кездесуде испандық команда «Бормут» клубының қақпасында жауапсыз алты бірдей допты тулатқан болатын.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
сурет: fifa7.blogspot.com
О. Сансызбай