Португалия ұлттық құрамасы мен мадридтік "Реалдың" үздік ойыншысы Криштиану Роналду 10 жылдан кейін боксшы боламын деп әзілдеді. Бұл жайында футболшы экс-командаласы Рио Фердинандқа берген сұхбатында айта кетті, - деп жазады The Telegraph.
- 10 жылдан кейін футбол ойнау қиын болары сөзсіз. Сен секілді боксшы болатын шығармын, - деп жауап берген Роналду.
Айта кетейік, осыған дейін Рио Фердинанд кәсіпқой бокста бір жекпе-жек өткізгісі келетіні жайлы хабарлаған болатын. Алайда алғашқы жекпе-жегін қашан және кіммен өткізетін әзірге белгісіз.