Әйгілі мадридтік «Реал» командасының жергілікті стадионының атауы өзгерді. Бұл туралы испандық «AS» басылымы хабарлап отыр.
Басылым таратқан ақпарат бойынша, осыған дейін «Сантьяго Бернабеу» деп аталып келген стадион ендігіде «Абу-Даби Бернабеу» деп аталмақ. Жаңа атау «корольдік клубтың» Іnternational Petroleum Investment Company (IPIC) компаниясымен іскерлік және демеушілік келісімшартқа келуіне байланысты беріліп отыр. Осыған дейін мадридтік клубтың президенті Флорентино Перес стадион атауын «IPIC Bernabeu» немесе «Cepsa Bernabeu» деп өзгертілетінін хабарлаған болатын.
«Реал» командасы «IPIC» компаниясымен іскерлік және демеушілік келісімшарт негізінде жылына 20 миллион евро пайда түсіреді. Клуб қорына түскен қаржы стадионның күрделі жөндеу жұмыстарына жұмсалмақ екен.
Айта кетейік, стадион 1947 жылы салынып, кейіннен 1955 жылы сол кездегі клуб президенті Сантьяго Бернабеудің есімін алған.
Сурет: plus.google.com
Оқи отырыңыз
«Реал» стадионын жарып жібергісі келген кімдер?
Испания футболындағы қақтығыстар мен төбелестер (видео)
Әлемдегі ең бай футбол клубтарын білесіз бе?