Мадридтің "Реал" футбол клубы 73 ойын қатарынан гол соғып, бразилиялық команда "Сантостың" рекордын жаңарта алмады.
"Корольдік клуб" түнде өткен Испания ла лигасының V турында өз алаңында "Бетистен" 1:0 есебімен ұтылды. Қарсыластар қақпасына гол соққанда "Реал" 74 ойын қатарынан гол соғып рекорд жаңартқан болар еді. Дегенмен мадридтік ұжым бразилиялық команданың рекордын қайталаумен ғана шектелді.
"Сантос" 1961-1963 жылдары Пеле ойнаған кезде 73 ойын қатарынан (барлық турнирлерді қоса есептегенде) гол соққан.
"Реал" соңғы рет өткен жылдың 26 сәуірінде "Манчестер Ситимен" 0:0 есебімен тең ойнаған. Одан бергі аралықтағы барлық ойындарында қарсыластар қақпасына кем дегенде бір гол соғып келген еді.
Бес турдың қорытындысы бойынша "Реал" көш басындағы "Барселонадан" 7 ұпайға қалып келеді.