"Реал" ойыншының "Барселонаға" ауысуына тыйым салды

"Реал" ойыншының "Барселонаға" ауысуына тыйым салды

Мадридтік "Реал" командасы "Бенфикада" жүрген аргентиналық қорғаушы Эсекьель Гарайдың "Барселонаға" ауысуына тыйым салыпты. Marca басылымы хабарлайды.

26 жастағы футболшы 2011 жылы ойын тәжірибесінің жоқтығына байланысты корольдік клубтың сапынан кеткен болатын. Алайда, аталған ойыншының жарты ауысымы (рұқсат беретін трансфер құқығы) "Реалға" тиесілі еді. Өз кезегінде қолданып отыр.

Корольдік клубтың басшысы Флорентино Перес лиссабондықтарға мадридтіктердің қарсылығын түсіндіріп баққан. Ендігі кезекте Гарайға талас білдіріп отырған жалғыз "Манчестер Юнайтед" командасы қалды. Ағылшын клубы ойыншыға 20 миллион еуро төлеуге дайын - "Бенфика" мен "Реалға" 10 миллион еуродан.

Осы маусымда Гарай "Бенфика" сапында Португалияның ішкі біріншілігінде 21 ойын өткізіп, бір жолы көзге түсе алыпты.

сурет:real-fc.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига