Мадридтік «Реал» командасы лондондық «Тоттенхэм» командасының уэльстік жартылай қорғаушысы Гарет Бэйл үшін 110 миллион фунт беруге дайын екен. Бұл туралы британдық The Mirror басылымы хабарлайды.
«Корольдік клуб» жетекшілері футболшы үшін «Тоттенхэмге» 60 миллион фунт беруге келісіп отыр. Ал Бэйлдің өзіне жылдық жалақысы 110 миллион фунтқа тең келетін бес жылдық келісім-шарт ұсынбақ екен.
Дегенмен, «Тоттенхэм» командасының жетекшілері де өздерінің көшбасшы ойыншыларын өзге командаға жібергісі келмейтінін айтты. Егер қажет болса, лондондық команданың басшылары Гареттің апталық жалақысын 170 мың фунтқа көтеруге дайын. Бұл жалақы клуб тарихындағы ең жоғарғы болмақ. Бүгінгі таңда 23 жасар футболшыға «Реалдан» өзге "Манчестер Сити", "Челси" және "Бавария" командалары қызығушылық танытуда. Сондықтан да трансферлік маусым басталғанға дейін мадридтік команданың жетекшілері бұл мәселені шешіп алғысы келетінін де хабарлады.
Айта кетейік, Бэйл өткен жылы «Тоттенхэммен» 2016 жылға дейін келісім-шартын ұзартқан болатын. Ал бұл маусымда жартылай қорғаушы ағылшын біріншілігінде 24 кездесуге қатысып, 16 мәрте нәтижелі соққымен көзге түскен.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: sport-xl.net