Рауан Сариев «Ботафагомен» шартнамасын ұзартты

Рауан Сариев «Ботафагомен» шартнамасын ұзартты

Бразилияның Сан-Паулу штатында құрылған «Ботафого» командасының қазақстандық шабуылшысы Рауан Сариев жуырда елге оралды.

Массагет тілшісіне берген сұхбатында Рауан бразилиялық командамен шартнамасын тағы да ұзартқанын айтты.

«Менің отбасым Қазақстанда. Сондықтан мен әр демалысымда Отаныма оралып тұрамын. Дегенмен футболшы болып атымды қалыптастыру үшін, еліміздің атын әлемге таныту үшін Бразилияда доп тепкенім дұрыс секілді. Мұхиттың арғы жағында физикалық күшімді, доп игеру техникамды, шеберлігімді арттыра аламын. Жақында «Ботафого командасымен Сан-Паулу аймағының чемпионы атандық. Алдағы уақытта біз Бразилия біріншілігіне дайындалатын боламыз. Команда жетекшілері менің ойыныма дән риза. Сондықтан мен бұл командамен келісім-шартымды тағы да бір жылға ұзарттым», - дейді Рауан Сариев.

Айта кетейік, Рауан Сариев Қазақстан мен Бразилия мемлекеттері арасындағы футболшыларының шеберлігін жетілдіру туралы келісіммен алғаш болып Оңтүстік Америкаға кеткен футболшылардың бірі.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: sports.ru 

Ю. НИКУЛЛИН