Әлемде плоггинг деп аталатын жаңа фитнес-тренд тарап келеді. Ол салауатты өмір салты мен экология қамқорлығын біріктіретін ұғым. Плоггинг Швецияда пайда болды. Бұл сөз жүгіру кезінде қоқыс жинау (plog сөзі швед тілінен соқа деп аударылады) дегенді білдіреді. Бұл трендке бірнеше еуропалық елдер де қосылды. Плоггингпен айналысу үшін не істеу керек? Жүгіруге өзіңізбен бірге берік пакет алу; Оған жол бойы табылған қоқысты салу; Олжаңызды суретке түсіріп, басқа да адамдарды осы іске шақыру мақсатында #plogging хэштегімен әлеуметтік желіге салу. Плоггинг бір оқпен екі қоянды атуға көмектеседі. Қарапайым жүгіру экологиялық акцияға айналып кетеді. Оған қоса, жүгірушінің калория жұмсауы артады. Себебі, ол қоқысты алуға еңкейеді немесе жартылай отырады.