Пілдер футбол ойнады (видео)

Непалда ерекше футбол кездесуі өтті. Жасыл алаңға кәсіпқой футболшылар емес, әлемдегі алып жануарлардың санатына жататын пілдер шықты.

Пілдер доп тепкен алаңдағы ойын Катмандудың оңтүстік бөлігіндегі Читван жабайы табиғатты қорғау саябағында болды. Ойын туристерді қызықтыру мақсатында, сонымен бірге ұлттық дәстүрлі үшкүндік фестиваліне орай ұйымдастырылыпты. Қызықты кездесуді мыңға жуық турист пен жергілікті тұрғындар қызыға тамашалаған.

Пілдерді алаңда доп тебуін ойластырған ұйымдастырушылар дәстүрлі фестивальде бұл ойынды да дәстүрге айналдыруды жоспарлап отыр. Ал бұдан өзге бұл фестивальде пілдер жарысы, «ең сұлу піл» секілді қызықты сайыстар да бар. Ал дәстүрлі үшкүндік фестиваль Непалда 2004 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/DbIjiJXQPKY","width":"450","height":"338"});

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: ru.tsn.ua