Платини:"Қаржыны технологияға бөлгенше, футболға бөлемін"

УЕФА-ның президенті Мишель Платини футболға қажет жаңа технологияларға кететін қаржы мөлшерін ақылға сыйымсыз деп отыр. Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

"Мәселе тұрақтандыру жүйесі туралы ғана емес, бүкіл технологиялардың жиынтығы туралы. Қайдан олар бастау алады және қай жерден аяқталады? Біз бәрін толыққанды ойланып, ақылды шешім шығаруымыз керек. Мысалы, голды анықтайтын технология 50 миллион доллларды құрайды. Мен одан гөрі ақшаны технологияға бөлгенше, футболдың дамуына бөлгенім дұрыс емес пе?! 50 миллион доллар шамадан тыс көп ақша!" - депті Платини.

Ескере кетсек, бүгінгі таңда УЕФА қауымдастығы клубтар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында аталған жүйені сынап отырған сияқты.

сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек