- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Пхенчхандағы естелік сыйлықтардың...
Пхенчхандағы естелік сыйлықтардың бағасы қанша?
ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарына барған спортшылар мен жанкүйерлер естелік сыйлық алғысы келетіні жасырын емес. Қазіргі таңда қалада төртжылдықтың басты додасының естелік сыйлықтарын сататын ресми дүкендер ашылған.
Ресми дүкендердегі естелік сыйлықтар қатарында сувенирлерден өзге киім-кешек, жұмсақ ойыншықтар мен тәтті тағамдар да баршылық екен. Тауарлардың бағасын Олимпиадаға арнайы ат басын бұрған Vesti.kz тілшісі сараптап көрген еді.
Олимпиада басталмай тұрып-ақ дүкендерде сауда қызған. Әсіресе доданың басты танымбелгісі саналатын естелік заттар көп сатылып жатыр екен.
Оңтүстік Кореяда бір доллар 1090 вон тұрады. Сондықтан да алатын затты есептеу аса қиынға соқпайды.
Ең көп сатылатын тауар – Олимпиада баскиімі. 19 000 вон тұрады. Қазақстанның ақшасымен айтқанда 5600 теңгеге тең келеді.
Бөкебайы баскиімдер 6800 теңге шамасында.
Аяқ киім 15 000 теңге тұрады.
Жеңіл жейделер 7000-нан басталады екен.
Жұмсақ ойыншықтардың бағасы 3000 мен 10 000 шамасында.
Ресми дүкендерден әмиян, әшекей заттар, шоколад пен өзге де тәттілерді кездестіруге болады. Шоколадтың бағасы 1500 теңге шамасында екен.
Айта кетейік, Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындары ертең басталады. Төртжылдықтың басты додасы 25 ақпанға дейін жалғасады.
Фото Vesti.kz. Юлия Милова©
О. Сансызбай