- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Пеленің 15 келі...
Пеленің 15 келі тартатын кітабы шықты
Аты аңызға айналған бразилиялық футболшы Пеле жаңа кітабының тұсаукесерін өткізді. Кітап «1283» деп аталады екен. Бұл туралы Daily Mail cайты хабарлап отыр.
Пеленің кітабын таныстыру салтанаты Сан-Паулудағы көркемөнер және музыка мұражайында өтті. 72 жастағы "футбол королінің" бұл еңбегінің құны 1700 долларға бағаланып отыр. Ал кітаптың салмағы 15 келіні құрайтын көрінеді.
Пеле кітабына «1283» деп ат қойыпты. Ол даңқты футболшының спорттық мансабындағы соққан голдарының саны. Ала допты ұршықша иірген футболшының өмірі жайлы сыр шертетін кітап 500 беттен тұрады. Ішіне 500-ден астам суреттер енген. Таралымы да 1283-ті құрап отыр.
- Мен бұл кітапты көріп отырып, өткенімді еске көп аламын. Міндетті түрде ойлануға жетелейді. Спорттық мансабымда кімнің маған қолдау көрсеткенін, жанкүйерлерімнің ыстық ықыласын көз алдыма елестетеді, – деді көзіне жас алып.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Пелені немерелері сотқа бергені туралы хабарлаған болатынбыз.
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Сурет: dailymail.co.uk
О. Сансызбай