- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Паркур спортын кім...
Паркур спортын кім ойлап тапты?
Паркур спорт түрі француз тілінен аударғанда «бұрмаланған, ара қашықтық, кедергілерден өту» деген мағына береді. Бұл спорт түрінің отаны - Франция елі. Паркурдың негізін қалаушы француз спортшылары Давид Белль мен Себастьен Фукан. Аталған екі спортшы да бала кезінен бастап гимнастика, жеңіл атлетика, соғыс өнері секілді спорттармен айналысқан. Кейін өздері де жаңа спорт түрін ойлап тапты. Көп жылдық жаттығу мен жігерлі еңбектің арқасында осы спорт түрін әлем аренасына алып шықты.
Қазір паркур – дүниежүзіндегі ең танымал, ең беделді және қауіпті спорт түрі. Жыл сайын бұл спортқа қызығушылар саны он мыңдап артуда. Мұнымен қатар, паркур спортын жаңғыртуға кино индустриясының септігі тиюде. Голливуд мамандары боевик кино жанрына паркур спортының төбелесу мәнері мен қауіптен сытылып шығу тактикасын жиі қолданады.
2001 жылы режиссер Ариэль Зейтун «Ямакаси» аты кино түсірді. Бұл киноның шеберлік әдістері Давидтің бақылауымен жүзеге асырылған. Кинодағы он бір кейіпкерді Давид өзі жинаған. Киноның сәтті шығуына байланысты «Ямакаси-2» атты фильм түсіріліп жалғасын тапты. Бұдан өзге 2004 жылы «13-ші аудан» («13-й район») және «13-ші аудан: Ультиматум» («13-й район: Ультиматум») атты кинолар жарыққа шықты.
Н. Нұрмаханұлы