Украина премьер-лигасының 12 тур ойындарында қызықты оқиға орын алды. Днепропетровскіде өтіп жатқан қос команда кездесуінің екінші кезеңі басталар тұста, алаңның жарығы сөніп қалған.
Жергілікті "Днепр" командасы мен харьковтік "Металлист" арасындағы кездесу енді алдағы уақытта қайта ойналатын болады. Ойын екінші таймнан басталады. Ал әзірге қай уақытта қайта ойналатыны жайлы Украина футбол федерациясы мәлімдеген жоқ.
"Днепр Арена" стадионының жарығының сөнуі техникалық ақауларға байланысты болған көрінеді. Алаң жарығы сөнгеннен кейін жергілікті жанкүйерлер әртүрлі от шашулар шашып, ұялы телефон жарығымен стадионды "жарықтандырған". Шығын туралы әзірге толық мәліметтер жарияланған жоқ. Тек 310-нан астам орындық жарамсыз қалды деген ақпарат қана бар. Ал алғашқы тайм қорытындысы бойынша, алаң иелері 2:1 есебімен "Металлистті" жеңіп шыққан болатын.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/HgEukoBtCrk","width":"450","height":"338"});
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: ua.tribuna.com