Қазақстандық маман Вахид Масудов алдағы маусымнан бастап шымкенттік «Ордабасы» командасының бас бапкерлік қызметін атқарады. Бұл туралы vesti.kz спорт порталы хабарлайды.
Вахид Масудов «Ордабасы» командасында екі жыл қатарынан бас бапкер болған Виктор Пасульконың орнына келді. Украиндық маман Пасулько оңтүстіктік команданың тарихында алғашқы мәрте Қазақстан Кубогін жеңіп берді. Сонымен қатар Еуропа Лигасында командасымен "Ягодины", "Русенборг" сынды азулы қарсыластарға қарсы ойнаған.
Айта кетейік, Масудов өз кезегінде алматылық «Қайрат», тараздық «Тараз», қарағандылық «Шахтер», ақтөбелік «Ақтөбе», астаналық «Локоматив» командаларында бас бапкерлік қызмет атқарған. 2008/2009 жылғы маусымда «Шахтер» командасымен Қазақстан Кубогін жеңген.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: fanatik.kz