- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Олимпиада алауы бір...
Олимпиада алауы бір сәтке өшіп қалды (видео)
Кеше Ресей астанасы Мәскеу қаласына әкелінген 2014 жылы Сочиде өтетін XXII қысқы Олимпиада ойындарының алауы бір сәтке өшіп қалды, деп хабарлайды Россия24 телеарнасы.
Бұл кезде алау су астында жүзуден әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Шаварш Карапетянның қолында болған еді. Сөніп қалған алауды шамамен 20 секундтан кейін қызметкерлердің бірі оттық көмегімен қайта жақты. Ал «Сочи 2014» ұйымдастыру комитетінің президенті Дмитрий Чернышенко болса, алаудың сөнуін алаудағы клапанның толық ашылмағандығымен түсіндірді.
Айта кетейік, Олимпиада алауын «Сочи 2014» ұйымдастыру комитетінің делегациясы 3 қазан күні Афиныдан Мәскеуге жеткізген болатын. Оны Қызыл алаңда РФ президенті Владимир Путин жаққан еді. Олимпиада алауын 14 мыңға жуық алау ұстаушылар мен 30 мың ерікті алып жүреді деп күтілуде. Ол Олимпиада ойындары басталғанға дейін 65 мың шақырымды басып өтпек.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: forum.korrespondent.net
Б. Қосмағамбет