Ольга Шишигина "Қайратты" жаттықтыруы мүмкін

Ольга Шишигина "Қайратты" жаттықтыруы мүмкін

Қазақстандық жеңіл атлет, Сидней Олимпиадасы ойындарының жеңімпазы Ольга Шишигина алматылық "Қайрат" клубымен дене шынықтыру бапкері болуға келісім жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Шишигинаның сөзінше, клуб басшылығы оған дене шынықтыру бойынша бапкер болуға ұсыныс білдірген екен. "Клуб мені академиядағы балаларға дұрыс жүгіруді үйреткенімді қалап отыр",-дейді Олимпиада чемпионы.  

Спортшы қыз өзіне ұсынылған қызметтің бірден ұнағанын айтып өтті. Бірақ нақты шешім осы айдың соңына қарай қабылданады екен. Айта кетейік, Шишигина өзінің спорттық мансабын 9 жасында бастап, қазіргі кезде оның балалар бапкері және менеджер деген мамандығы бар.    

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vesti.kz

Б. Қосмағамбет