Оле, оле, оле! сияқты ұрандарды стадион трибуналарынан көп естуге болады. Бұл ұран VIII ғасырдан бері сақталып келеді екен. Оле, оле, оле! ұранының футболда қолданылуы туралы ең алғашқы дерек 1982 жылы шыққан La Vanguardia журналында сақталған. Журналда Реал Сосьедад командасының чемион атанғанына орай жанкүйерлердің Campeones, campeones, hobe, hobe, hobe деп ұрандатқаны жазылған. Hobe сөзі испанша ole ұранының басктерше нұсқасы екен. Одағайға айналып кеткен ole сөзінің қалыптасуы Алла сөзімен байланысты екен. VIII ғасырда арабтар Пиреней түбегін жаулап алғанда, араб тілі де жергілікті халыққабелгілі дәрежедесіңісіп кетті. Аллаға сыйынған арабтар үшін Алла сөзі де, өзі де киелі, рухты мәнге ие екендігін испандар біліп, өз тілдеріне ole деп икемдейді. Кейін бұл сөз фламенко биі кезінде, бұқалар корридасында қолданыла бастады. Оle сөзі испан тілінде түпкі мағынадан бөлек қалыптасқаны белгілі. Негізгі қолданылу қағидасы ортаға шыққан пикадорды, билеуге кіріскен фламенко бишісін шабыттандыру. Бұл сөздің қызметі қазақта күйшілер домбыра тартқанда арқа қоздыртып айтылатын шап!, үй де секілді одағайларға ұқсас.ХХ ғасырдан бастап футбол жанкүйерлері де өз командаларын қолдау үшін Оле, оле, оле! деп ұрандата бастады. Даңқты футболшы Диего Марадонаға да бұл ұран Оле, Оле-оле-оле, Дие-го, Дие-го деп телінген.