Қазақстан құрамасының капитаны Қайрат Нұрдәулетов пен бас бапкері Мирослав Беранек әлемнің ең үздік ойыншысын анықтауға ат салысқан екен, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Нұрдәулетов бірінші орынды "Барселона" жартылай қорғаушысы Хавиге берсе, екінші және үшінші орынды Месси мен Роналдуға беріпті. Құрама бас бапкері Беранек болса, үшінші орынды Андреа Пирлоға, екінші орынды Роналду, ал бірінші орынды Лионель Мессиге беріпті.
Ал "Алтын доптың" төрт мәрте иегері Месси бірінші орынды Иньестаға, екінші және үшінші орынды Хави мен Агуэрге арнаған екен.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: kff.kz