Уругвай құрамасының футболшылары Бразилияда өтіп жатқан Конфедерация Кубогіндегі алғашқы жеңістеріне қол жеткізді.
Топтық кезеңнің 2-турындағы кездесуде Оскар Табарес шәкірттері Нигерия командасымен күш сынасып, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Алғашқы таймда қарсыластар бір-біріне тек бір голдан соқса – ойынның 19-минутында уругвайлық Диего Лугано есеп ашса, 38-минутта Нигерия футболшы Джон-Оби Микел есеп теңестірді. Екінші таймның 7-минутында Диего Форлан Нигерия қақпасын нысанаға алып, жеңіс голының авторы атанды.
Осылайша, уругвайлықтар екі ойыннан соң 3 ұпай жинап, жеке кездесудегі жеңістің арқасында екінші орынға орналасты. Өз кезегінде «Б» тобының көшбасшысы - 6 ұпай жинаған Испания құрамасы.
Айта кетсек, топтың кезеңнің соңғы туры 23 маусым күні өтеді – Нигериялықтар испандықтарға қарсы ойнаса, уругвай футболшылары – Таити ойыншыларымен кездеседі.
Нигерия - Уругвай - 1:2 (1:1).
Голдар: Лугано, 19 (0:1). Оби Микель, 37 (1:1). Форлан, 51 (1:2).
writeFlash({"src":"https://www.youtube-nocookie.com/v/Nr8tycNW_jk?version=3&hl=ru_RU","width":"450","height":"320"});
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: .itar-tass.com